Дс 9:00-18:30 (үзіліс 13:00-14:30)
Сс 9:00-18:30 (үзіліс 13:00-14:30)
Ср 9:00-18:30 (үзіліс 13:00-14:30)
Бс 9:00-18:30 (үзіліс 13:00-14:30)
Жм 9:00-18:30 (үзіліс 13:00-14:30)
Дс 09:00 - 18:30
Сс 09:00 - 18:30
Ср 09:00 - 18:30
Бс 09:00 - 18:30
Жм 09:00 - 18:30
Байланыс деректері:Дс 09:00 - 18:30
Сс 09:00 - 18:30
Ср 09:00 - 18:30
Бс 09:00 - 18:30
Жм 09:00 - 18:30
Байланыс деректері:Дс 09:00 - 18:30
Сс 09:00 - 18:30
Ср 09:00 - 18:30
Бс 09:00 - 18:30
Жм 09:00 - 18:30
Байланыс деректері:Дс 09:00 - 18:30
Сс 09:00 - 18:30
Ср 09:00 - 18:30
Бс 09:00 - 18:30
Жм 09:00 - 18:30
Байланыс деректері:Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ қысқаша тарихы
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ (бұдан әрі – Мектеп) Ақмола облысы әкімінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысымен құрылды.
Мектеп директоры болып Шөкенов Аян Абайұлы тағайындалды.
Өз қызметін Мектеп 2013 жылдың 3 қаңтарынан бастады. 19 спорт түрінен жаттықтырушылар мен 18 жастан асқан спортшылар берілді.
Қазіргі уақытта Мектепте 13 спорт түрі дамытылады: 10 жазғы олимпиадалық – бокс, триатлон, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, садақ ату, дзюдо, велоспорт, каратэ (WKF), 2 қысқы олимпиадалық – биатлон және шаңғы жарысы және 1 ұлттық – қазақ күресі.
Жұмыс жүргізу кезінде 3 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері (Николай Чеботько – шаңғы жарысы, Дина Жоламан – бокс, Анна Нұрмұхамбетова – ауыр атлетика), 28 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 80 ҚР спорт шебері даярланды.
ЖСШМ спортшылары жыл сайын түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанып жүр.
Мектеп қызметкерлері Ақмола облысының аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді түрде қатысып отырады.
Мектеп спортшыларының негізгі құрамы спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері және Ақмола облысы құрамасының мүшелері болып табылады.
Қазіргі уақытта Мектеп спортшылары облыс орталығында да, облыс аудандарында да жаттығады:
Щучинск қ. – биатлон, шаңғы жарысы және еркін күрес;
Степногорск қ. – еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо;
Жақсы к. – бокс, грек-рим күресі;
Балкашино к. – шаңғы жарысы, биатлон;
Ақмол к. – садақ ату.
«Жоғары спорттық шеберлік мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі еліміздің ұлттық құрама командаларын толтыру үшін жоғары дәрежедегі спортшыларды, спорт резервін даярлау бойынша жағдай жасау, резерв келіп түсетін БЖСМ-мен, ОРМБЖМ-мен, ООРММИК-пен белсенді ынтымақтастық жүргізу болып табылады.
Спорт секциялары
Спорт нысандары