Интерфейс тілі: рус
қаз
Казахстан, Акмолинская область, Степногорск

Шұғылданушының жасы:
13 жастан бастап 18 жасқа дейін
Басшының Т.А.Ә.:
Токкужинов Турсынбай Серикович
Спорт түрі:
Ауыр атлетика
Жазылу үшін қажетті құжаттар:

Ата-ана өтініші

Кесте:

Дс 8:30-9:30; 10:00-11:30; 16:30-17:30; 18:00-19:45
Сс 8:30-9:30; 10:00-11:30; 16:30-17:30; 18:00-19:45
Ср 8:30-9:30; 10:00-11:30; 16:30-17:30; 18:00-19:45
Бс 8:30-9:30; 10:00-11:30; 16:30-17:30; 18:00-19:45
Жм 8:30-9:30; 10:00-11:30; 16:30-17:30; 18:00-19:45
Сн 8:30-10:00;  9:45-12:00


Нақты орналасқан жері: 1 өндірістік аймақ, №15 ғимарат.

 

ООРММИК-ке түсу үшін қажетті құжаттар:

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың 5, 6, 7, 8, 9, 10 және  11- сыныптарға оқуға түсушілер үшін құжаттар тізбесі:

1) ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);

3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4) спортшының 3-қосымшамен осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке карточкасы;

5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10 және 11-сыныптарға түскен кезде);

6) спорттық атақтар немесе спорттық дәрежелер  беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі немесе  бұйрықтан үзінді көшірме: «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», «1-дәрежелі спортшы», «2-дәрежелі спортшы», «3-дәрежелі спортшы», «1-жасөспірімдік дәрежелі спортшы», «2-жасөспірімдік дәрежелі  спортшы», «3-жасөспірімдік дәрежелі спортшы».

Спорттық атақ беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді-көшірме уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық  дәреже  беру туралы  бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді-көшірме жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

7) 3х4 көлеміндегі алты фотосурет;

8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 Бұйрығы) 3-қосымшамен бекіткен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттардың түпнұсқалары:

  • өтініш берген күнге дейін 10 күнтізбелік күннен ерте емес берілген қанның, несептің жалпы талдауы туралы деректер көрсетілген № 075/е нысандағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды),
  • стоматологтың, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатрдың қорытындылары (Манту-дың тұрақты оң реакциясы болған жағдайда),
  • № 052 / у нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (болған жағдайда),
  • № 065/е нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ
  • эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама,
  • жүректің, бүйректің, құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылар,
  • электроэнцефалограмма негізінде жасалған медициналық қорытынды, сонымен қатар
  • мидың магниттік-резонанстық томографиясы (бокс бөліміне түскен жағдайда);

9) республикалық ОРММИК түсушілер үшін-спорттық – бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (болған жағдайда);

10) облыстық ОРММИК және СДБМИ-не түсушілер үшін.- спорттық-бұқаралық іс – шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесіне енгізілген облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда (болған жағдайда) жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

Жаттықтырушылар құрамы